Accessibility links

Барак Обама Нобель сыйлығын қайырымдылыққа жұмсайды


АҚШ президенті Барак Обама өткен жылы желтоқсанда Нобель бейбітшілік сыйлығы үшін алған 1 миллион 400 мың долларды қайырымдылық мақсаттарға жұмсайтындығын мәлімдеді.

1 миллион долларға жуық қаржыны Обама оқушыларға және ардагерлер емханасына көмектесуші ұйымдарға бөледі. 200 мың доллар Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу қорына аударылады. Президент қалған қаржыны Ауғанстан мен Пәкістанда қыздарды оқытуға қолғабыс етуші, сондай-ақ Орталық Африка елдеріне көмектесуші ұйымдарға бөледі.
XS
SM
MD
LG