Accessibility links

Қазақстанда 2 бөген бұзылып, мыңдаған адам эвакуацияланды


Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы маңайындағы аумақта үздіксіз жауған жаңбыр мен қар еруі салдарынан екі дамба бұзылған, мыңдаған адам басқа жерге көшірілуде.

Министрліктің мәліметінше, бейсенбі күні Алматының солтүстігіндегі Ақсу ауданында орналасқан су қоймасындағы бөген бұзылып, 3 мың халқы бар ауыл су астында қалған. Екінші бөгет көршілес Қаратал ауданында бұзылды. Ауылдағы 820 адам эвакуацияланды.
XS
SM
MD
LG