Accessibility links

Қызылағаштағы су тасқынынан құрбан болғандардың саны өсуде


Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында бөген бұзылуының салдарынан құрбан болғандардың саны 25-ке жетті. "ИТАР-ТАСС" агенттігінің хабарлауынша, облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, құрбандардың саны өсуі мүмкін себебі бірнеше кісі табылмай жатыр деген.

Бейсенбі күні Алматы маңайындағы аумақта үздіксіз жауған жаңбыр мен қар еруі салдарынан екі дамба бұзылған, мыңдаған адам басқа жерге көшірілген.
XS
SM
MD
LG