Accessibility links

Қырғыз белсенділері сөз еркіндігіне қарсы шабуылды сынады


Қырғызстанның құқық қорғаушы белсенділері билік тарапынан сөз еркіндігіне жасалып отырған шабуылдары қатты алаңдаушылық тудырып отыр деді.

Демократия мен азаматтық қоғам коалициясының мәлімдемесінде, сәрсенбіден бері қырғызстандық көптеген интернет қолданушылар өздері ақпарат алып отырған белгілі деген сайттарға кіре алмай қалғаны айтылған. Тұмшаланып қалған вебсайттар қатарында ортаазиялық Fergana.ru сайты мен Азаттық радиосының қырғыз тіліндегі вебсайты бар.

Құқық қорғаушы топтар мен Атамекен оппозициялық партиясы биліктің бұл ақпарат көздерін тұмшалап тастауына Азаттық радиосында жарияланған президент Құрманбек Бакиевтің ұлы Максимді тұтқындау жөніндегі Италияның хабарламасының шығуы себеп болып отыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG