Accessibility links

Грузиялық телеарнаның хабары елде дүрбелең мен сындарға түркті болды


Грузия оппозициясы Имеди телеарнасының Ресей басқыншылығы туралы бағдарламасы үкіметтің қолдауымен жасалған насихат деп, оны айыптап отыр.

Олардың айтуынша, Имеди арнасы елдің жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның президенті Эдуард Кокойты таңертең террорлық шабуылдан қаза тауып, Грузияға Ресейдің әскері басып кіріп, әуежайды бомбалады деген ойдан құрастырылған сценариймен жазылған хабарды көрсетіп, елде дүрбелең туғызды.

Грузия оппозициясы халық арасында дүрбелең туғызып, кейбір адамдардың ауруханаға түсуіне әкелген бұл хабар үшін Имеди телеарнасын айыптап, оның басшыларын сотқа беретіндіктерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG