Accessibility links

Иранда қамауда отырған американдық ғалым уақытша босатылды


Теһран тегі ирандық американдық ғалым Киан Таибахшты наурыз мейрамын тойлау үшін түрмеден уақытша шығарған. Жартылай ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Таибахш 15 күнге 800 мың доллар кепіл ақшаға босатылған.

Ол шілде айында тыңшылық жасады деген айыптармен қамауға алынып, 15 жылға түрмеге жабылған. Кейін түрме жазасы 5 жылға дейін азайтылды.

Жобалаушы ғалым Киан Таибахш өткен жылғы президенттік сайлауға наразылық танытқан шерулерден кейін ұсталған жалғыз американдық. АҚШ ресмилері оның ішінде АҚШ мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Иранды оны бостауға шақырған.
XS
SM
MD
LG