Accessibility links

Талибан: Қандағар шабуылы НАТО-ға ескерту болды


Жексенбі күні ауғандық талибандар Қандағар қаласында орын алған қанды шабуыл НАТО-ға ескерту болған деп хабарлады.

Талибан өкілі Қари Юсуф Ахмадидің айтуынша, НАТО бастаған халықаралық күштердің Қандағар провинциясындағы талибандарға қарсы операция жүргізбекші болып отырғанына қарамастан, талибандар шабуыл жасай беретінін көрсетті.

Сенбі күні түнде Қандағарда болған шабуылдан кемінде 35 адам қаза болып, бірнеше адам жараланған.

Қандағар провинциясының басшысы ел үкіметін бұл аймаққа көбірек қауіпсіздік күштерін жіберуге шақырған.
XS
SM
MD
LG