Алматы облысының әкімшілігі Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендердің әрқайсысына 500 мың теңге бөледі деп хабарлады облыс әкімшілігі. Сонымен бірге, төтенше оқиғадан зардап шеккен отбасының әрбір мүшесіне үкімет 121 мың теңге бөлді.
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, Қызылағаш ауылында жаңа үйлер тұрғызылатын болады, зақымданған үйлер жөнделеді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда 34 кісінің денесі табылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өткен сенбі күні үкімет отырысында, апаттан 35 адам қаза болды деп хабарлаған еді.
11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті.