Accessibility links

«Единая Россия» партиясы аймақтардағы сайлауда алда келеді


Ресейде аймақ деңгейінде өткен сайлауда «Единая Россия» партиясы алда келеді. Федерацияның жергілікті билік органдарына депутаттарды сайлау және қалаларда мэрлерді сайлау өткізілген бірқатар елді-мекендерінде дауыстарды санау жүріп жатыр.

Сайлау учаскелері сыртында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, түрлі аймақтарда «Единая Россия» 43-тен 70 пайызға дейін дауыс жинады. Бұл мәліметтерді журналистерге «Единая Россия» партиясы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Борис Грызлов хабарлады.
XS
SM
MD
LG