Accessibility links

Қызылағаштағы су тасқынына қатысты қылмыстық іс қозғалды


ІІМ Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында тіркелген су тасқыны кезінде өз ісіне жауапсыз қараған деп күдіктелген бірқатар қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады.

ІІМ-нің хабарлауынша, Қызылағаш ауылының әкімі Жүнісов, Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Енин, Ақсу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Байзақов, «Шынар» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Бекеев, су пайдалану арнайы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Жүнүсов ұсталып, тергеу абақтысына отырғызылды.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптама белгіленді». Қылмыстық іс барысына бас прокурор Қайрат Мәми және ІІМ басшысы Серік Баймағанбетов бақылау жасайды.

11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда апат аймағынан 34 кісінің денесі табылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өткен сенбі күні үкімет отырысында, апаттан 35 адам қаза болды деп хабарлаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG