Ресей басқыншылығы туралы жалған ақпарат берген Грузия телеарнасының басшысы халық арасында дүрбелең туғызған хабарға байланысты қызметінен кетпейтіндігін мәлімдеді. "Имеди" телеарнасының жетекшісі әрі президент Михаил Саакашвилидің одақтасы Гиоргий Арвеладзе әлгі хабардың қалай ұсынылғандығына байланысты кешірім сұрады. Бұл хабардың мақсаты халық арасында дүрбелең туғызу үшін емес оқиғалардың қалай дамуы мүмкін екендігін көрсету еді дейді Арвеладзе.
Сенбі күні түнде әуеден көрсетілген жалған хабарда Ресей оппозицияның көмегімен Грузияны басып алды, президент Саакашвили өлтірілді делінген болатын. "Имеди" телеарнасының бұл хабары 2008 жылғы Ресеймен арадағы соғыс қайталануы мүмкін деп қауіптенетін грузиндер арасында дүрбелең туғызды.
Оппозиция осы хабарға байланысты үкіметті айыптады.