Accessibility links

Ауған күштері 5 жанкештіні өлтірді


Үкімет ресмилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдің оңтүстік-шығысындағы Пактика өлкесінде үкімет ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған 5 жанкештіні өлтірген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жанкештілердің үшеуі Пәкістан шекарасына жақын Бармал қаласында өлтірілген, кейінірек полициямен қақтығысқан екі жанкештінің көзі жойылған.
XS
SM
MD
LG