Accessibility links

Қырғызстанда тәуелсіз ақпарат құралдарына тосқауыл қойылуда


Қырғызстанның астанасы Бішкекте дүйсенбі күні «Форум» газетінің тиражы тұтқынға алынды деп хабарлады Біріккен халықтық қозғалысының жетекшісі Алмазбек Атамбаев. Оның сөзіне қарағанда, ол басылымда наурыздың 17-күні өтеді деп жоспарланған оппозициялық күштер құрылтайының бағдарламасы жарияланған екен.

Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қарағанда, басылым тиражымен бірге редакцияның алты журналисі Бішкектің ішкі істер департаменті ғимаратында ұсталған. Оның себебі әзірге белгісіз қалып отыр.

Одан өзге наурыздың 15-күні Бішкекте британдық ВВС радиосының кешкі жаңалықтарының таралымы тоқтатылған.

10 наурыздан бастап «Азаттық» радиосы Қырғыз қызметінің бағдарламалары да Қырғызстанда эфирден берілмей қалды. Сонымен бірге қоғамдық-саяси бағыттағы бірқатар интернет-сайттар ел аумағында ашылмай тұр.

AzattyqTV

"Біздің атымыз - Борис Немцов!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:16 0:00
Кремль түбіндегі қаза

"Біздің атымыз - Борис Немцов!"

XS
SM
MD
LG