Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы сәуірдің басында Қазақстанға келеді


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сәуір айының алғашқы жартысында Қазақстанға келмекші. Бұл туралы осы халықаралық ұйымның Қазақстандағы даму бағдарламасының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Шынар Жетпісбаева хабарлаған.

«Үстіміздегі жылдың сәуір айында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Орта Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға сапармен келеді. Ол Қазақстанға сәуірдің 6-7 күндері келеді деп күтілуде», - деп көрсетілген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

БҰҰ бас хатшысының Қазақстанға сапары аясында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған. Одан өзге Пан Ги Мун Семей өңірі мен бұрынғы ядролық полигон территориясына баруды жоспарлап отыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG