Accessibility links

АҚШ қоныстануға қатысты Израилден жауап күтуде


Құрама Штаттар Шығыс Иерусалимде еврейлерді қоныстандыру үшін жүздеген үй тұрғызу жөніндегі Израилдің хабарламасына қатысты бұл елден ресми жауап күтіп отырғанын айтты.

АҚШ департаментінің хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхуден бұл жоба мен АҚШ арағайындық жасайтын бейбіт келіссөздердегі Израилдің міндеттемелері бойынша арнайы жауап күтеді.

Десе де департамент өкілі Филип Кроулей Израиль Құрама Штаттардың стратегиялық одақтасы болып қала беретінін, Израиль қауіпсіздігіне қатысты АҚШ міндеттемесі бұрынғыдай болатынын айтты. Осының алдында АҚШ ресмилері Израилдің Шығыс Иерусалимде 1600 үй тұрғызу шешімін айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG