Accessibility links

Чавес: Венесуэла Беларуске шикі мұнай сатады


Президент Уго Чавестің айтуынша, Венесуэла мамырдың 1-нен бастап Беларус еліне күніне 80 мың баррель шикі мұнайын сатпақшы. Венесуэла президенті Чавес бұл келісім екі елдің арасындағы байланыстарды күштейтудегі маңызды қадам болады деді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко дүйсенбі күні бұл елге екі күндік сапарын бастаған еді. Өз кезегінде Лукашенко Венесуэланың ауыр шикізаты Беларусь елінде өңдеуден өтіп, еуропалық елдерге сатылады деді. Бұл жоспардың қаржылық мәселелері айтылмады.

Бұларада Ресей премьер-министр Владимир Путин Беларусь еліне жұмыс сапарымен барып, Брест қаласында өтетін Ресей-Беларусь одағының министрлер кеңесіне қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG