Accessibility links

Хорватиядағы соғыс қылмыстарына қатысты 2 серб сотталды


Белград соты 1991-1995 жылдары Хорватиядағы соғыста жасы ұлғайған бес адамды өлтірген этникалық екі сербті соттады.

Сербиядағы соғыс қылмыстары соты Пане Булат пен Раде Вранешевичті 1992 жылғы қылмыстары үшін 15 және 12 жылға түрмеге жапты. Ол екеуі хорватиялық сербтер болып, Загребтің бұрынғы Югославиядан тәуелсіздік алу жолындағы шешімдеріне қарсы күресіп келген.

Сербия Еуропа Одағына мүшелікке өту мақсатында бұрынғы Балқан соғысында қатыгездік жасағандарды жауапқа тарта бастады.
XS
SM
MD
LG