Accessibility links

Фридом Хауз Қырғызстанды БАҚ-на бақылауды азайтуға шақырды


Фридом Хауз ұйымы Қырғызстан билігіннің өткен аптадағы АҚШ үкіметі қаржыландыратын ақпарат қралдарына шектеу жасау жөніндегі шешімі бұл елдегі еркін пікір білдіруге қауіп төндіріп тұр деді.

Азаттық радиосының қырғыз тілінде тарайтын хабарлары мен интернет парақшалары өткен сәрсенбіден бері жабылып қалды. Онда Азаттықтың "Манас жаңғырығы" сынды төрт бағдарламасы мен ортаазиялық Centrasia.ru және Ferghana.ru сайттары да тұмшаланып тасталды.

Фридом Хауз Қырғызстан үкіметін халықаралық талаптар бойынша ақпарат еркіндігін қамтамасыз етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG