Accessibility links

Пәкістанда кем дегенде 7 содыр өлтірілді деп хабарланды


Пәкістанның арнайы қызметі қашықтан басқарылатын ұшақтың екі соққысынан кем дегенде жеті содыр өлтірілді деп хабарлады. Ұшақ АҚШ күштеріне қарайды деген болжам жасалынды.

Хабарларға қарағанда, оқиға Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазаристан ауданында тіркелді. Әуе соққыларының бірі аудандағы басты қала – Мираншахқа жақын маңда содырлардың базасына бағытталды.

Құрама Штаттар Пәкістандағы содырлардың базаларын үнемі әуеден соққылап отырады, солардың бірқатарының нәтижесінде «Талибан» және «Әл-Қаида» мүшелері өлтірілді.
XS
SM
MD
LG