Accessibility links

Жаңаөзен мәселесі парламентте көтерілді


Парламент мәжілісінің бір топ депуттары Жаңаөзендегі жағдайды шешуге ықпал етуін сұрап, премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. «Қазмұнайгаз» компаниясына қарасты «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының жұмысшылары 4-ші наурыздан бері ереуілге шығып келеді.

Депутат Зейнулла Алшымбаев мұнайшылардың ереуілі «саясиланып кетті» деп атап көрсетті.

Жаңаөзендегі наразылық акциясы мыңдаған жұмысшыларды қамтыды. Олар компания акцияларын мемлекетке қайтаруды және өндірістік тендерлерге жұмысшылардың бақылауын енгізуді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG