Accessibility links

«Республика» газеті үкіметті сотқа берді


«Республика» газетінің редакциясы Қазақстан үкіметін сотқа бергендігін жариялады.

«Республика» жобасының аға редакторы Оксана Трубачеваның айтуынша, сотқа арыздануға Қазақстандағы баспаханалардың барлығы газетті басудан бас тартқандығы түрткі болды. Оның пікірінше, баспаханалар мемлекеттік органдардың, атап айтқанда президент әкімшілігі мен үкіметтің қысымына ұшыраудан қорқып, редакцияның тапсырыстарын қабылдамай отыр.

Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, редакцияның тағы бір сот шағымы оппозициялық газеттерді басудан бас тартқан алматылық баспаханаларға қарсы түсірілді.

"Моя Республика" және "Голос Республики" газеттері жарты жылдан бері қолдан түптеліп таратылып келеді.
XS
SM
MD
LG