Accessibility links

Ауғанстан: террорлық қастандықтың жолы кесілді


Сәрсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Лашкаргаһ қаласында халықаралық қайырымдылық ұйымының кеңсесінде өздерін жарып жіберуге тырысқан 2 экстремист атып өлтірілді. Гильменд өлкесі әкімдігінің өкілі хабарлағандай, атыс кезінде осы ұйымның шетелдік қызметкерінің бірі жараланды.

Лашкаргаһ қаласы – НАТО күштері мен ауған армиясының тәліптерге қарсы ірі шабуыл жасап жатқан ауданынада орналасқан.
XS
SM
MD
LG