Accessibility links

Бішкек: Тәуелсіз газеттер прокуратураға шақырылды


Қырғызстанның «Ашық саясат» және «Назар» газеттерінің бас редакторларынан бірқатар мақаланы жариялағаны үшін сәрсенбі күні Бас прокуратураның кеңсесінде жауап алынды. Жергілікті тілшілеріміздің хабарлауынша, Бас прокуратураға «Ашық саясаттың» бас редакторы Бабырбек Жеенбеков пен «Назар» газетінің редакторы Кенжебек Арықбаев шақырылды.

Арықбаев мәлімдегендей, сәрсенбі күні прокуратурада бірқатар мақала мен оппозицияның іс-қимылы туралы хабарлар жөнінде өздерінен жауап алынды. Жеенбековтің айтуынша, оларды прокуратураға шақыруы саясаткер Раушан Жеенбековтің оппозиция құрылтайына арнаған үндеуін жариялауына байланысты болуы да мүмкін.

Раушан Жеенбеков – Бабырбек Жеенбековтің өз ықтиярымен АҚШ-та тұратын ұлы. Біріккен қырғыз оппозицияның құрылтайы сәрсенбі күні Бішкекте ашық аспан астында өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG