Accessibility links

Ақтау: «Республика» мен Stan.tv-дің журналистері ұсталды


Сәрсенбі күні Ақтау қаласының халықаралық әуежайында полиция Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуілінен хабар беруге келген оппозициялық «Республика» газетінің тілшісі Жанна Байтелованы және Stan.tv бейнепорталының 2 тілшісі мен операторын ұстады. Ол туралы біздің Азаттық радиосына «Республика» газетінің редакциясы хабарлады.

Редакцияның хабарлауынша, көп ұзамай журналистер босатылды. Олар енді Жаңаөзенге қарай жолға шықпақшы.
XS
SM
MD
LG