Accessibility links

Жаңаөзенде ереуілшілердің бірі қайтыс болғаны хабарланды, бірақ ауруханадағылар оны растаған жоқ


Жаңаөзенде бірнеше күннен бері ереуілдеп жатқан жұмысшылардың бірі бүгін жергілікті уақытпен сағат 15.30 шамасында құлап қалған. Өзге жұмысшылар шақырған жедел жәрдем көлігі ол жерге жарты сағат уақыт өткенде жетіп, дәрігерлер келгенше әлгі адам қайтыс боп кетті деп хабарлады Азаттыққа ереуілдеушілердің бірі Естай Қарашаев.

– 1952 жылы туған Өтеміс Омаров, «Өзенмұнай» кәсіпорнында энергетик болып жұмыс істеген, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Алайда бұл ақпаратты Жаңаөзен ауруханасындағылар әзір растаған жоқ.

Наурыздың 17-күні ереуілшілердің тағы бірі – «ОУС-5» кәсіпорнының жұмысшысы Бұршақ Есетов денсаулығы күрт нашарлап аурухананың жан сақтандыру бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның асқазан жарасы ашылып кеткендігін анықтаған.
XS
SM
MD
LG