Accessibility links

Израиль: АҚШ өкілі Таяу Шығысқа жексенбіде баруы мүмкін


Израиль қорғаныс министрі Ехуд Барактың кеңсесінің хабарлауынша, АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша өкілі Джордж Митчелл аймаққа жексенбі күні баруы мүмкін. Митчелл Израильдің шығыс Иерусалимде еврейлерге арналған жүздеген үй салу туралы жоспарына байланысты Таяу Шығысқа сапарын кейінге қалдырған болатын. Митчелдің сапары Израиль мен Палестина ресмилерінің арасында тікелей емес келіссөздерге түрткі болады деп күтілген еді.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, Израильдің қоныстарды кеңейту жоспары бейбітшілік үдерісіне көмектеспейді. Бірақ бұл мәселе АҚШ-Израиль қарым-қатынастарын "дағдарысқа" ұшыратпады деді Обама.
XS
SM
MD
LG