Accessibility links

Клинтон ертең Ресей президентімен кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Мәскеуде Ресей ресмилерімен екікүндік келіссөздерін бастады. Күн тәртібінде АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруларды азайту келісімі мен Иранның даулы ядролық бағдарламасы мәселесі тұр.

Клинтон сондай-ақ Таяу Шығыс квартетінің өкілдерімен кездесіп, Израиль мен палестиналықтардың бейбітшілік туралы тікелей емес келіссөздерін жаңарту әрекеттерін талқылайды. АҚШ мемлекеттік хатшысы жұма күні Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG