Accessibility links

Алматыда «Таң» телеарнасының қызметкері соққыға жығылды


Алматы қаласында «Таң» телеарнасының операторы Абзал Ағалиевті ет комбинатындағы өрт туралы бейнематериал жинап жүрген сәтінде соққыға жықты деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры.

Ұйым таратқан ақпарат бойынша, «Нұрәлем» компаниясының атқарушы директоры Қадыржан Мәжинов арнайы репортаж үшін оқиға орнына барған операторды ұрып-соғып, оның бейнекамерасын жерге құлатқан.

Бұл оқиғаны тексеру ісімен Жетісу аудандық полициясы айналысып жатыр. Құқық қорғау органының шешімінен кейін журналистер сотқа шағым түсіруді көздеп отыр.

Алматы ет комбинатындағы өрт бейсенбі күні тіркелді.
XS
SM
MD
LG