Accessibility links

Таяу Шығыс квартетінің өкілдері Мәскеуде кездесті


Таяу Шығыс квартетінің бейбітшілік бойынша мәмілегерлері Израиль мен палестиналықтар арасындағы бейбітшілік үдерісін жандандыру мақсатында Мәскеуде кездесуде. Жиынға БҰҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштон қатысуда.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху Вашингтонды жаңа сенім құру шаралары жөнінде хабардар етті. Израильдің Шығыс Иерусалимде еврейлерге арналған жүздеген үй салу жөніндегі жоспарына байланысты аймақтағы жағдай шиеленісе түсті.
XS
SM
MD
LG