Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауылын су басып қалды


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында күннің күрт жылынуы салдарынан бірнеше елді мекенді су басып қалған. Бұл аймақтан 4 мыңнан аса халық басқа жерге көшірілген. Тағы жиырмаға жуық ауылды су басу қаупі төніп тұр.

Су басып қалған елдімекен тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілгендерімен, азық-түліктен тарылып, жатар орын мәселесі қиындап отырғанын айтуда. Облыс, аудан әкімшіліктері халыққа көмек көрсетіліп жатқанын айтады. Алайда, тұрғындар ешқандай көмек көрмегендерін алға тартып отыр.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында және Павлодар облысының Ертіс өзені бойындағы ауылдар мен Баянауыл ауданында күн жылынуына байланысты елді мекендерді су басу қаупі бар екені айтылуда.
XS
SM
MD
LG