Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Газаға барды


Бүгін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Таяу Шығысқа сапарын жалғастырып, Газа секторына барды.
Пан Ги Мун Газа қаласында болып, Израилдің әскери соққысынан зардап шеккен палестиндіктерге қолдау танытты.

Сенбі күні БҰҰ-ның басшысы Израилді басып алынған Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салуды тоқтатуға шақырған.

Пан Ги Мунның осы сапарында Израиль жетекшілерімен де кездесуі жоспарланған.

Жексенбі күні Таяу Шығысқа АҚШ-тың арнайы елшісі Джордж Митчель де барып, Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерді қайта бастауға тырысады. Ол бейбіт келісссөздер өткен жылы Израиль Палестинаға әскери операциясын бастағанда тоқтап қалған.
XS
SM
MD
LG