Accessibility links

Ирақта парламенттік сайлаудың дауыстарын санау әлі жалғасуда


Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики елдің сайлау комиссиясын 7-ші наурызда өткен парламенттік сайлаудың дауыстарын санауға қатысты бірқатар саясаткерлердің талабына жауап беруге шақырды.

Әл-Мәлики өзінің жоғары басқарушы ретінде елдің саяси тұрақтылығын сақтау мен зорлық-зомбылықтардың алдын алуды қамтамасыз еткісі келетінін айтты.

Сайлаудың саналып біткен 93 пайыздық дауысының мәліметтеріне қарағанда, бұрынғы премьер-министр Аяд Аллавидің жақтастары әл-Мәлики блогын 8 мың дауысқа басып озған.
XS
SM
MD
LG