Accessibility links

British Airways қызметкерлерінің көтерілісі екінші күн жалғасуда


Бүгін Британияда екінші күн British Airways әуе компаниясының экипаж мүшелері көтеріліс өткізуде. Олар жалақыны қалпына келтіруді талап етіп, адам санын қысқартуға наразылық танытып жатыр.

Сенбі күні компанияның тек үш ұшағы ғана жоспарланған уақытпен үшып, қалғандары рейстерін кейінге қалдырған. Әуе компания өз жұмысын тоқтатпау үшін басқа компаниялардың қызметкерлерін жұмысқа тартып, 65 пайыздай жолаушыға қызмет көрсете алған.

British Airways әуежолы компаниясының қызметкерлері көтерілісін дүйсенбі күні аяқтайды. Бірақ бес күннен кейін төрт күндік көтеріліс қайта басталады.
XS
SM
MD
LG