Accessibility links

Шығыс Қазақстанда 900 үй су астында қалып, 6400 адам көшірілді


Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында тасқын су 900-дей үйді басып қалып, аймақтан 6400 адам қауіпсіз жаққа көшірілді. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлап отыр.

Хабарларға қарағанда, сенбі күні кешкісін Шығыс Қазақстан аймағындағы елдімекендерде 877 тұрғын үй мен 249 ауылшаруашылық құрылымы және 18 қыстау су астында қалған. Ең қиын жағдай Тарбағатай ауданында қалыптасып, су тасқыны 410 үйді шайып кеткен.

Сонымен қоса Ұлан, Зайсан, Күршім, Қатон-Қарағай, Абай, Аягөз аудандарындағы халықты басқа жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне қарағанда, ауа-райының қолайсыздығынан құтқару жұмыстары қиындап, ондай шараларға жергілікті адамдар да тартылған.
XS
SM
MD
LG