Accessibility links

Черкестер ата-бабасының өлімі үшін Мәскеуден кешірім талап етті


Жексенбі күні черкестер диаспорасы 19-шы ғасырда Сочи аймағында өлтірілген ата-бабалары үшін Мәскеу кешірім сұрамайынша, Ресейдің Сочи қаласында 2014 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткізбеу туралы талап қойды.

Сочи маңында Ресей патшасының жасақтары 300 мың черкесті өлтіргеніне 2014 жылы 150 жыл толады. Солтүстік Кавказдан шыққан миллиондаған черкес мұсылмандары қазірде шетелде тұрып жатыр. Олар Сочиде олимпиадалық ойындар өткізу нацистердің Освенцим лагерінде спорттық жарыстар өткізумен тең деген.

Ресей бұған қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Сенбі күні черкес диаспорасы грузиялық депутаттарға бұл қырғынды геноцид деп тану жөнінде қарар ұсынды.
XS
SM
MD
LG