Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Израилді Газадағы қоршауды алуға шақырмақ


БҰҰ-бас хатшысы Пан Ги Мун Таяу Шығыстың бейбіт келіссөздерін қайта жандандыруды мақсат еткен сапарын жалғастырып отыр.

Жексенбі күні Пан Ги Мун мырза Газадағы кездесулерінен кейін, өзінің Израиль жетекшісін Хамастан қорғанып 2007 жылы Газаға қойылған қоршауды алып тастауға көндіруге тырысатынын айтты. Ол бұл қоршаулар экстремистерге қолдау болып, адам айтқысыз қиындықтар тудырып отыр деді:

"Премьер-министр Нетаньяху президент Барак Обамамен, АҚШ әкімшілігімен кездеспекші. Мен Газаға бұл сапарымнан кейін бірден премьер министр Нетаньяхумен кездесемін. Және мен онда осы мәселені көтеріп, Израил жетекшісін бұл барлық шектеулерді жеңілдетуге тағы шақырамын".

Пан Ги Мун сенбі күні Израилді басып алынған Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салуды тоқтатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG