Accessibility links

ЕуроОдақ Иранды мемлекеттік цензураны тоқтатуға шақырды


Дүйсенбі күні Брюссельде кездескен ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері Иранды мемлекеттік цензураға нүкте қоюға шақырды.

Еуропа Одағына мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Иран билігін "жер серігімен таратылатын хабарларға кедергі жасауын сондай-ақ интернет цензурасын" тезарада тоқтатуға шақырып отыр.

Маусым айындағы даулы президент сайлауына байланысты елде өткен жаппай наразылық шараларынан кейін Иранның билік орындары бұқаралық ақпарат құралдарын қудалап, ондаған журналисті қамауға алды. Сонымен қатар жер серігі арқылы Иранға таратылатын шетел хабарларына кедергі жасалып, интернетке цензура енгізілді.
XS
SM
MD
LG