Accessibility links

Қытай Google дауы тұсында АҚШ-пен келіссөздер өткізеді


Бүгін Қытай өздерінің Вашингтонмен байланыстарына Google мәселесінің саясатқа айналуы кері салдарын тигізбейді деді. Бейжіңнің айтуынша, АҚШ-та орналасқан Google интернет компаниясы Қытайдағы пайдаланушылар үшін іздеу нәтижелеріне бақылау орнатудан бас тартып отыр.

Қытай Сыртқы істер мминистрлігінің өкілі бұл туралы мамыр айының соңында АҚШ пен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі экономикалық келіссөздер өтетіні туралы жариялай келе айтты.

Құрама Штаттар мен Қытай арасында байланыстар Қытайдағы интернет еркіндігі мен юань құнына, Вашингтонның тибеттіктер жетекшісі Далай Ламаны қабылдағанына байланысты және АҚШ-тың Тайванға қару сату жоспарына қатысты бұзылып келген.
XS
SM
MD
LG