Accessibility links

Amnesty International Беларустегі өлім жазасын сынады


Адам құқын қорғаушы Amnesty International ұйымы Беларусь түрмесінде отырған екі тұтқынның атып өлтірілгенін айыптап, ел президенті Александр Лукашенконы өлім жазасына мораторий енгізуге шақырды.

Адам өлтірді деген айыптармен 2009 жылы өлім жазасына кесілген Андрей Жук пен Василий Юзепчуктің үкімдері өткен аптада орындалған.

Amnesty International ұйымына Жуктың анасы хабарлап, өздеріне түрме қызметкерлері олардың атылғанын айтты деген.

Адам құқын қорғаушы топтың айтуынша, 2009 жыл барысында Беларусь елінде басқа өлім жазасы болмаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG