Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция мен полиция қақтығысты


Бүгін Бішкек пен елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында оппозиция белсенділері мен полиция арасында қақтығыс болды.

Қырғыз оппозициясы билікке келгеніне бес жыл толған президент Құрманбек Бакиевке қарсы қол жинап жатқанда, полиция 30 шақты оппозициялық белсендіні қамауға алған. Оппозиция Бішкекте өтіп жатқан Бакиевті қолдайтын конференцияға басып кірмекші болған.

Сондай-ақ Ош қаласында оппозициялық саясаткер Исмаил Исаковтың түрмеге жабылғанына наразылық танытқан шерушілер де полициямен текетіресіп, онда 60-тан аса белсенді ұсталған.

Қырғыз оппозициясы президент Бакиев өздерінің талаптарын орындамайынша наразылық шарасын жалғастыра беретіндіктерін айтып отыр. Олар биліктен саяси тұтқындар босатылып, Бакиевтің туыстары жоғары қызметтерден алынсын деп талап қойған.

Сәрсенбі күні Қырғызстан Асқар Ақаев билігін құлатқан «қызғалдақ» төңкерісінің 5 жылдығын атап өтеді.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкция жайлы айтты

XS
SM
MD
LG