Accessibility links

Бакиев: Елдегі батыстық үлгідегі демократияны қайта қарау керек


Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев өз еліндегі батыстық үлгідегі демократияны қайта қарайтын уақыт келді деді. Бұл туралы ол сейсенбі күні Бішкекте өткен бейресми халықтық ассамблеяда сөйлеген сөзінде айтты.

Президент Бакиев жекелеген адам құқықтары мен сайлаулар негізіндегі демократия Қырғызстан үшін бұдан былай қажет болмауы мүмкін деді. Оның пікірінше, ықпалды әлеуметтік топтармен диалог құратын консультациялық демократия елдің дәстүріне көбірек сай келеді.

Өктемшіл билік пен жемқорлық істеріне қатысты президент Бакиев оппозицияның биліктен кетуге шақырған қысымы астында қалып отыр.
XS
SM
MD
LG