Қазақстан жақын арада Жапонияға жөнелтетін уран өнімінің көлемін көбейтпек. Осылайша Қазақстан аталған елге уран өнімінің 40% тасымалдамақ. Бұл туралы сәрсенбі күні Мемлекеттік хатшы - Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жапондық «Никкэй» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Сондай-ақ ол өз сөзінде «Қазақстан Жапониядан атом өнеркәсібі саласындағы технологияларды игеруге қызығушылық білдіретіндігін» де атап өтті.
Сондай-ақ ол өз сөзінде «Қазақстан Жапониядан атом өнеркәсібі саласындағы технологияларды игеруге қызығушылық білдіретіндігін» де атап өтті.