Accessibility links

А.Меркель: Грекия Еуропа пактісін бұзды


Германияның федералдық канцлері Ангела Меркель еуроаумаққа кіретін елдерден бюджет тапшылығының шегін белгілейтін тұрақтылық туралы Еуропа пактісін бұлжытпай орындау қажеттігін ерекше талап етті.

Бейсенбі күні неміс парламенті - Бундестагта сөйлеген сөзінде Меркель ханым атап көрсеткендей, Грекия осы пактінің шарттарын бұзып, нәтижесінде ол грек елін ауыр әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Келешекте ондайға жол беруге болмайды деп шегелеп айтты А.Меркель.

Осы күні-ақ неміс канцлері ЕуроОдақтың саммиті ашылатын Брюссельге барады. Грекиядағы ахуал және оның экономикасын тұрақтандырудың жолдарын қарастыру – саммитің күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG