Accessibility links

Пәкістан әскері Орокзай ауданында әскери операция жүргізіп жатыр


Пәкістанның солтүстік-батысында бүгін бүлікшілермен қақтығыс кезінде бес сарбаз және 20-дан астам содыр қаза болды.

Пәкістандық қолбасшылықтың хабарлауынша, қақтығыс Ауғанстанмен шекаралас Орокзай таулы ауданында тіркелді. Дәл осы ауданда бейсенбі күні діни семинариялар, мешіттер және мектептерге бағытталған әуе соққыларының нәтижесінде 60-тан астам содыр өлтірілді. Бүлікшілер бұл нысандарды өздерінің базасы ретінде пайдаланған деп хабарланды.

Орокзай ауданында пәкістандық тәлібтердің бұрынғы лидері Хакимулла Мехсудтың жақтастары шоғырланған. Американдық шабуылдардан Мехсуд өлтірілді деген ақпарат қаңтар айында таралған еді.
XS
SM
MD
LG