Accessibility links

Ирақта парламент сайлауының нәтижесі жарияланады


Жұма күні Ирақтың сайлау комиссиясы 7 наурызда болып өткен парламент сайлауының толық нәтижесін жариялайтынын хабарлады.

Комиссияның өкілі Мухаммад Әл-Амджад мәлімдегендей, сайлаудың нәтижесі мен парламентте кімге қанша орын тигенін жұма күні кешкісін жарияланады.

Сайлаудың нәтижесі Ирақтың ішкі істер министрі Джауад Әл-Боланидің қауіпсіздік ахуалының ушығуы салдарынан кештете тұруды талап етуіне қарамастан жарияланбақшы.

Дауыс беру бюллетендерінің 95 пайызына негізделген бастапқы нәтижеге қарағанда, премьер-министр Нұри Әл-Мәлики бастаған блок пен экс-премьер Айад Аллауидің коалициясы тең дауыс жинағанға ұқсайды.
XS
SM
MD
LG