Accessibility links

Ливияда Араб лигасының саммиті ашылды


Бүгін Ливияда Араб елдерінің екі күндік саммиті ашылды. Онда Израиль мен Палестинаның тұралап қалған бейбіт келіссөздерін қайта бастау жолдары талқыланады.

Бұл саммиттің аясында Араб лигасының басшысы Әмір Мусса Израиль Палестинамен тікелей келіссөздер басталмас бұрын басып алынған Шығыс Иерусалимде 1,600 еврей қонысын салу жоспарынан бас тарту керек деді. Израиль оны орындаудан бас тартты.

Бұларада Израилдің қарулы күштері палестиналық қарулы топпен қақтығыста екі израилдік әскері қаза тапқан соң бастаған операциясын аяқтап сенбі күні Газа аймағынан шықты.
XS
SM
MD
LG