Accessibility links

Пәкістанда ұрланған жүргізушілердің мәйіті табылды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын басып әкетілген жүк көлігін жүргізуші алты адамның денесі елдің солтүстік-батыс аймағынан табылды.

Жергілікті полиция қаза тапқандардың бірінің қалтасынан «егер кімде-кім Парачинар шиит қауымдастығына зат таситын болса, осылай жазаланады» деген хат тапқанын айтып отыр.

Парачинар ауданындағы Куррам қаласы осыған дейін де шииттер мен сүнниттер қақтығысы орын алып келген аймақ. Сүнниттер басым тұратын Пәкістандағы халықтың 20 пайызын шииттер құрайды.
XS
SM
MD
LG