Accessibility links

Пан Ги Мун Араб елдерін Таяу Шығыс келіссөздерін қолдауға шақырды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Араб лигасының кездесуін Израиль мен Палестина арасында қосымша бейбіт келіссөздер бастау жолындағы АҚШ-тың бастамасын қолдауға шақырды.

Пан Ги Мун бұл келіссөздерді қайта бастауға күш салуға шақырған үндеуін Ливияда өтіп жатқан араб елдерінің саммитінде айтты. Ол «менің сіздерге жолдауым екі елдің мәселесін шешетін баламалы келіссөздердің болмауына қатысты біздің алаңдаушылығымызды жеткізу» деген.

Сенбі күні Ливияда Араб елдерінің екі күндік саммиті басталған. Онда Израиль мен Палестинаның тұралап қалған бейбіт келіссөздерін қайта бастау жолдары талқыланып жатыр
XS
SM
MD
LG