Accessibility links

Пәкістандағы әуе шабуылынан 4 адам қаза тапты


АҚШ әскерилері ауған шекарасына жақын жердегі Пәкістанның солтүстік-батыс аймағына әуеден соққы берді. Мир Али қаласындағы Әл-Қаида мен Талибанға қарсы бағытталған бұл шабуылдан 4 адам қаза тауып, 5 кісі жарақат алды деп хабарлайды Пәкістанның барлау ресмилері.

Солтүстік Вазиристандағы бұл қалада пәкістандық бүлікшілердің қолбасшысы Хафиз Гул Бахадурді қолдайтын жауынгерлер жасырынуда делінеді. Бахадур Әл-Қаида мен Талибанның одақтасы болып табылады.
XS
SM
MD
LG