Accessibility links

Афиныда тағы бір терракт тіркелді


Грекия астанасында жексенді күні кешкісін мемлекеттік қызметкерлер дайындау жөніндегі институт ғимаратында жарылыс болды.

Полиция жарылыстан бір кісі қаза болып, кішкентай қыз жараланды деп хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, жас баланың өміріне қауіп жоқ.

Афиныда соңғы уақыттары бірнеше жарылыс тіркелді. Бұған дейін теракт банк ғимаратары мен үкімет мекемелерінде ұйымдастырылған еді.

Полиция шабуылдардың артында анархистер мен радикалдық солшыл топтар тұр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG